Басты Жаңалықтар 😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆

😍 Жуырда Balapan арнасында «Әлемді таны» жобасы көрсетіледі📆

«Әлемді таны»балаларды жер шарындағы елдермен таныстыратын танымдық бағдарлама. Бас кейіпкер саяхатшы дирижабль әр шығарылым сайын бір мемлекетке барып, көрерменге сол елдің ерекшеліктерін баяндайды. Осы арқылы балалар әр елдің астанасы, тілі мен валютасын, рәміздері, табиғаты, танымал қалалары, ұлттық тағамдары мен қызық дәстүрлері туралы толыққанды ақпарат алады. Аталған бағдарлама кішкентай көрерменнің қиялын дамытып, дүниетанымын кеңейтуге, саяхаттауға және тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға оң әсер етеді.


Бөлісу