Басты Жаңалықтар Қазақтың Әлиханы

Қазақтың Әлиханы

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы қазақ халқы үшін аумалы-төкпелі кезең болды. Осы кезде Әлихан Бөкейхан сияқты қазақ зиялылары ұлт үшін күресті. «Хан баласында қазақтың қақысы бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп ұран еткен Әлихан сол  сертінде тұрды.

Әлиханның 6 жасына дейін тілі шықпаған көрінеді. 9 жасында әкесі оны Қарқаралы медресесіне береді. Кейін орыс-қазақ мектебін үздік аяқтап, етікші мамандығы бойынша училищені де бітіреді.

Қарқаралы күндерінде Колпаковский кәсіби училищеге келіп, «Омбы мен Қарқаралының арасы 760 шақырым, осы арада жүрген пәуеске дөңгелегі неше рет айналды?», деп сұрайды. Мұғалімдер мен оқушылар шешімін таппай сасқанда, Әлихан өз белбеуін арбаның дөңгелегіне орап есептеп, тапсырманы орындап береді.

Осыдан кейін генерал оны Омбыда жаңа ашылған училищеге оқуға жібереді. Үздік оқыған оған ЖОО-ға түсуіне жылына 200 сом бөлініп отырады.

Сонымен бірге, Әлихан Санкт-Петербургтің орман шаруашылығы институтына арнайы жолдамамен конкурссыз қабылданады.

Кеңес дәуірінде «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «23 жоқтау» сияқты қазақтың эпос-жырларын жарыққа шығарды.

Әлихан қазақтың әрбір тасы түйме болып тігіліп, әрбір жүні киім болып киілуі керек деген тұжырымға келеді.

1920 жылы қазақ халық институтын, 1926 жылы Қызылордада қазақ театрын ашты.

Ол ұлт көсемі ғана емес, этнограф, көсемсөзші, ормантанушы, саясаткер, журналист те бола білді.

Оның есімі қазақ тарихында алтын әріптермен жазылған.

Бөлісу