Басты Жаңалықтар Қазақ тіл - білімінің атасы

Қазақ тіл - білімінің атасы

Қазақ тіл - білімінің атасы

Ахмет Байтұрсынұлы – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұстаз, қазақ тіл білімі мен әдебиетттану ілімі, түркологияның негізін қалаушы ғалым, ақын, публицист.

Жастайынан ұстаз болуды армандаған Ахмет ауыл молдасынан сауатын ашып, Орынбордағы мұғалімдер семинариясында білім алады. Сөйтіп Қостанайдың ауыл мектептерінде мұғалім болып, бала оқытты.

1904-1906 жылдары Қарқаралыда орыс-қазақ мектебін басқарды.

1909 жылдан 1917 жылға дейін «Маса» өлеңдер жинағын, И.Крыловтың қырық алты мысалын аударды. Ең бастысы, «Тіл құралы», «Оқу құралы» кітаптарын шығарды.

Ресей және Еуропа ғалымдарының пікірінше, ол жасаған қазақ әліпбиі жоғары деңгейде.

Қазақ әліпбиін латын, кириллицаға көшіру кезінде де Байтұрсын әліпбиі негізге алынды.

Оның Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтармен кездесуі көзқарасын күрт өзгертіп, отарлық езгіден ада мемлекет құру ісін қолға алады.

Ол «Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ» деп қойдық» деп, 1913 жылы ақпанда Орынборда «Қазақ» газетін шығарады.

Кеңес үкіметі 1919 жылдың 27 тамызында Қостанай оязын жаңадан құрылған Челябинск облысына қосу туралы жарлық шығарады. Бұған наразы болған Ахмет Байтұрсынұлы Ленинге хат жолдайды. Көп ұзамай, Қостанай оязы Қазақстанға қайтарылады.

Ол Алаш автономиясының, Қазақ автономиясының халық ағарту комиссары болды.

Қазіргі таңда Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік институты ғалымның атында. Еліміздің ірі қалаларының көшелеріне де Ахмет Байтұрсыновтың аты берілген.

Бөлісу