Басты Жаңалықтар Тұтқында да науқастарды емдеген...

Тұтқында да науқастарды емдеген...

1889 жылы Ташкент қаласында қазақтың біртуар тұлғасы Санжар Асфендияров дүниеге келді. Санжардың әкесі Әбілқайыр ханның тікелей ұрпағы болса, анасы Абылай ханның шөбересі еді.

Бала Санжар білімге құштарлығының арқасында, Ташкенттегі жаратылыстану бағытындағы мамандандырылған училищені үздік бітірді.

Санжар өз білімін әрі қарай жалғастыру үшін Петербургке аттанады. Сол қалада императорлық, әскери-медициналық академияның студенті атанады.

Ол орыс медицинасының негізін қалаған атақты хирургтерден дәріс алады.

Іс-сапармен келген қазақ зиялыларымен пікірлесіп, өз идеяларымен бөліседі.

Санжар оқуын аяқтаған соң, Ауғанстан мен Бұқара шекарасындағы Тербез бекінісіне дәрігер ретінде жіберіледі. Ол жұқпалы аурулардан зардап шеккен сарбаздарды емдеумен айналысып, дәрігерлік өмірдің тәжірибиесінен өтеді.

І дүниежүзілік соғыс басталғанда, Санжарды соғыс ошағына жібереді.

Санжар әскерилерге ауыр оталар жасап, кейде жаумен соғысады да. Сондай шайқастардың бірінде ол неміс тұтқынына да түседі.

Тұтқында жатқанда да ол науқастарды емдеп, түрмеде жұқпалы аурудың таралуына жол бермеді.

Санжар ағылшын, неміс, латын, француз, неміс,  шығыс тілдерін білген.

Сонымен бірге ол қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дәрігер.

Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде халыққа қару көтеруден бас тартқаны үшін оны шалғайдағы Тербез бекінісіне қайта жібереді.

Елді жайлаған аштық жылдары Санжар денсаулық сақтау саласына басшылық жасап, халықты аман алып қалу үшін күреседі. Сол кездері қазақ даласында жаппай тараған індет пен жұқпалы аурулар ошақтарында болып, халықты аман сақтап қалу жолында еңбек етеді.

Санжар Түркістанның денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалғаннан кейін, ауруханалар, дәрі жасайтын лабораториялар салады, алғашқы көмек көрсетуді жолға қояды. Оның тікелей араласуымен ғылым академиясы, медицина университеті құрылды. Бүгінгі күні осы университетке оның есімі берілді.

Бөлісу