Вундеркинд бала

Сипаттамасы

Айдос – оқу үлгерімі де, тәртібі де нашар бала. Бір күні түнде далада сәкіде жатқан ол аспаннан жерге үлкен жарық жұлдыз түскенін көреді. Ауыл маңындағы көл жаққа ағып түскен жұлдызды ертеңіне көрмек болады. Көлден 2-3 шақырым жерге түскен метеориттің ұшқындары (сынықтары) көлге де түскен екен (3Д графикамен көрсетеді). Көл түбіне түсіп бара жатқан кішкентай тастың біреуін сазан жұтып қояды. Сол маңында балалармен доп ойнап жүрген Айдостың добы көлге түсіп кетеді. Добын алуға барған Айдос көл жағасындағы құраққа оралған үлкен сазан балықты ұстап алады. Сазанды үйге алып кеп ішін тазалағанда әлгі ерекше тас шығады. Метеориттің әсерінен Айдос бәрін біле алатын суперқабілетке ие болады. Осылайша ол әртүрлі проблемаларды шеше бастайды. Бірде науқастың емін айтса, бірде құрылыс саласының да проблемасын шешеді.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!