«Супер дос» жобасы
Хронометраж: 15 минут
Серия саны: 15
Жанры: ситком
Тілі: қазақ
Аудиториясы: 6+
Жобаның мақсаты – балаларды белсенді өмір салтына бейімдеу, гаджетке тәуелді балдырғандарды одан алшақтатуға ықпал ету, достықты насихаттау.
15 бөлімнен тұратын телехикаяда басты кейіпкер – Супер Дос түрлі себептермен достарынан, айналасынан жекеленіп қалған балақайлардың ашық-жарқын, арманшыл болуына көмектесіп, уақытты қалай қызықты өткізуге болатыны жайлы лайфхактар көрсетеді.