Гипер бала

Сипаттамасы

Ерекше таланттары бар бар балалар бір мектептке жиналған. Бұл мектепке басты кейіпкер Аяна да түсті.

Бұрынғы мектебінің жұлдызы болған Аяна – кіл мықтының арасында жүріп ерекшелену оңай емес екенін түсінеді...

 Алғашында басты кейіпкер ерекшеленгісі келіп, көзге түсуге тырысады. Тек Аяна емес, мұндағы балалардың бәрі солай ойлайды. Алайда, олар өзара бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарғанда ғана, нәтижеге жететіндерін уақыт өте келе түсінеді. Аянаның жаңа ортаға сіңісіп кетуіне біраз уақыт керек болды. Себебі, бұл мектепте үйінің еркелері, қиялға шомып кеткендер мен кітаптан бас алмайтындар жиналған.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!