Жас ғалым

Сипаттамасы

Жүргізуші (жас ғалым) физика, химия, инженерия, техника салаларының сырын ашып, ғылыми тәжірибелер жасайды. Көрермендер күнделікті көзбен көріп, қолмен ұстап жүрген заттардың немесе құбылыстардың ғылыми анықтамасымен, заңдылықтарымен және өзге де қасиеттерімен танысады. Сондай-ақ, жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгерген, ғылымға құштар балалар өз тәжірибелерімен бөліседі. Телекөрермендермен интерактивті байланыс орнату арқылы  тапсырмаларды бірге орындауға мүмкіндік бар. Бағдарламаның басты ерекешелігі – жобаны ғалым-тәлімгерлер (Залқарбек Мұратәлиұлы – агротехнолог, STEM бағыты бойынша бірнеше жобалардың авторы, Мағжан Қыстаубаев – инженер, STEM бағыты бойынша бірнеше жобалардың авторы ) жүргізеді.

 

Бағдарлама атауы: «Жас ғалым»

Аудиториясы: 6+

Жоба жетекшісі: М. Жұмабай

Продюсері:  В. Тынысбекова

Өндіруші компания: өзіндік өнім

Бас режиссері: Қ. Әбдібаева        

Бас редакторы: Ә. Балғабаева

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: 15 наурыздан бастап, аптасына 2 рет

Бағдарлама саны, ұзақтығы: 83 серия, 20 минут

Жанры: танымдық                                   

Байланыс телефондары: 55-34-16 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!