Кез-келген мектеп оқушысына мұғалім үй тапсырмасын береді. Оның күрделілігіне қарай үйде балаға ата-анасы, апа-атасы, тіпті қосымша (репетитор) көмекке шақырылған мұғалімдері көмектесіп жатады. Кей балалардың ата-анасы жұмыста, ата-әжесі алыста, көмекші-мұғалімге мүмкіндігі жоқ. Осы тұста балаларға «Балапан» көмекке келеді.
Күн сайын тікелей эфирде балалар үй тапсырмасын студияға арнайы шақырылған ұстаздармен тапсырманы талқылап, шешу жолдарын бірге іздеп, бірге орындайды. Бір баланың есебін шығаруға көмектесу арқылы мыңдаған оқушыға керекті мәліметтер беріп, қосымша кеңес беру мүмкіндігі туады. Хабар күнделікті кешкісін, балаларға ыңғайлы уақытта тікелей эфирде жүреді.
Жоба жетекшісі: Ж. Укибасова
Продюсері: В. Тынысбекова
Өндіруші компания: «Тамсан+» ЖК
Бас режиссері: Қ. Әбдібаева
Бас редакторы: Ә. Балғабаева
Жүргізушілері: Риза Данияр, Еңлік Ғаниқызы, Ерасыл Өмірбай
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-жұма сағ. 18:00
Бағдарлама саны, ұзақтығы: 88 серия, 20 минут
Аудиториясы: 6+
Жиілігі: аптасына 5 рет
Жанры: Интерактивті бағдарлама
Байланыс телефондары: 55-34-16
E-mail: balapantv@kaztrk.kz