Оп-оңай!

Сипаттамасы

Атақты неміс философы Г. Гегельдің айтуынша «Тәрбие адамды өзіндік еркі бар, дербес тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат тұтады». Осы орайда әрбір ата-ана «Балаңыз өз бетімен әрекет етуге қабілетті ме?» деген сауалға анық жауап бере алар ма екен деген ойға қаласың.

Баламызға өздігінше еден, терезе жууды, тамақ пісіру немесе жұмыртқа қуыруды үйретуге қаншалықты уақыт бөліп жүрміз? Көп жағдайда бұл мәселеге біз тым аз уақыт бөлеміз. Оның өз себептері де бар – көп жағдайда үй шаруасын үйдегі қызметші немесе бала күтуші жасайды, ата-аналардың ғана емес, көптеген үйірмелер мен секциялардан, шет тілдерін үйренуден және т.б. жұмыстардан қолы босамайтын баланың да жұмыс кестесі тығыз. Көптеген жеткіншектер үй шаруасына бейім емес, оған олардың енжарлығы емес, ата-аналарының үйретпегені басты себеп!

Бағдарламамыздың мақсаты: Балаларға нені қалай жасай білу керектігін түсіндіру және оны жеңіл, әрі ойын түрінде үйрету. 

Жоба жетекшісі: Ж. Шәмел

Продюсері:  В. Тынысбекова

Өндіруші компания: «ADEL_PRODUCTION» ЖШС

Бас режиссері: Қ. Әбдібаева

Бас редакторы: Ә. Балғабаева

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма – 17:50

Қайталауы: сейсенбі, бейсенбі, сенбі – 09:00

Ұзақтығы: 10 минут

Аудиториясы: 6+

Жанры: танымдық бағдарлама

Байланыс телефондары: +7 (7172) 55-34-16

E-mail: balapantv@kaztrk.kz

 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!