Біз қашанда бағдарлама арқылы баланың ой шапшаңдығын, көсбасшылық қасиетін қалыптастырып, зеректігін арттыру үшін жұмыс жасаймыз. Солардың бірі «Квест» бағдарламасына 5 ойыншыдан құрылған топ қатысады. Бағдарлама басында жүргізуші қатысушылармен танысып, қолдарына ортақ тапсырма планшетін береді. Ойын үш кезеңнен тұрады. Әр кезең Квест ойынының ережесіне сәйкес түрлі “сынақ бөлмелерінде” өтеді. Әр кезең баланы барлық жағынан сынауға мүмкіндік береді. Осылайша логикалық есептер мен тапсырмалар арқылы қатысушының ойлау қабілеті тексеріледі. Ережеге сәйкес, қатысушылар жасырын сөзді шешіп, құлыптаулы бөлмеден қашып шығуы қажет. Ақтық мәреге топ ұйымшылдығына байланысты қатысушылардың барлығы немесе бірнеше ғана қатысушы жетуі мімкін.
Мақсаты: Баланы ұйымшылдыққа, ғылымға, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.
Жоба жетекшісі: Л. Сеңгірбекова
Продюсері: А. Хабибуллина
Өндіруші компания: «Universal media» ЖК
Бас режиссері: Қ. Әбдібаева
Ұзақтығы: 40 серия, 15 минут
Аудиториясы: 3-10 жас
Жанры: танымдық-ойын-сауық бағдарлама
E-mail: balapantv@kaztrk.kz