Күнделік

Сипаттамасы

Өнер, білім, спорт салаларында үздік нәтиже көрсеткен, дарынды балалардың (әр сала бойынша бір баладан) алға басқан қадамын, дайындық барысын, қалыптасуы мен дамуын,  еңбегін, талпынысын, кедергілермен күрескен кездерін назарда ұстаймыз. Боямасыз, қоспасыз, шынайы сәттерден тұратын бақылау-фильмнің әр сериясы осылай пайда болады. Бұл жылдар бойы жалғасады және болашақ ту көтерер тұлғаның жеңіс жолы жазылған күнделігіне айналуы әбден мүмкін.

Бағдарламаға кішкентай да болса спортта, ғылым-білімде, өнерде жетістікке жеткен балалар қатысады. Яғни «balapan» арнасы баланы жыл бойы бақылауға алады.  

 

Бағдарлама атауы: «Күнделік»

Аудиториясы: 4+

Жоба жетекшісі: М. Жұмабай

Продюсері:  В. Тынысбекова

Өндіруші компания: өзіндік өнім

Бас режиссері: Қ. Әбдібаева        

Бас редакторы: Ә. Балғабаева

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: аптасына 1 рет

Бағдарлама саны, ұзақтығы: 42 серия, 10 минут

Жанры: танымдық                                   

Байланыс телефондары: 55-34-16 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!