«Көңілді асхана» – кулинарлық квест-шоу. Жүргізуші көк және жасыл түстегі командаларды таныстырады, әр топта 3 ойыншыдан болады. Олар түрлі тапсырманы орындайды. Балалар ерекше реквизиттерді қолданып, қызықты сынақтардан өтіп, ас әзірлейді. Әр айналымнан кейін жүргізуші тағамның дайындалған уақытына, эстетикасына қарап және дәмін татып ұпай береді. Көп ұпай жинаған команда сыйлық алады.