Кім тапқыр? 4-маусым

Сипаттамасы

«Кім тапқыр?» бағдарламасының мақсаты – балалардың зейінін дамыту, интеллектуалдық және логикалық сұрақтар арқылы ой ұшқырлығын шыңдау, баланың көпшілік алдында сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Аптаның бес күнінде эфирге шығатын ойындардың тақырыбы, мазмұны әртүрлі болады. Мысалы, дүйсенбі жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштан бөлек түрлі сұрақтарды қамтитын «Асық ату» ойыны болса, сейсенбі музыка тақырыбына арналған «Жеті нота» эфирге шығады. Жалпы бағдарлама аясында берілетін «Теңге ілу», «7 нота», «Дүлдүл», «Ойна, ойла», «Суреттер сөйлейді», «Сергіту», «Үйшіктер», «Сыңарын тап», «Күнделік», «Асық ату» ойындары балалардың ойын сергітіп, таным көкжиегін кеңейтуге негізделеді. Сондай-ақ ойын кезінде берілетін сан сауалдан бөлек, көрерменге танымдық ақпарат та айтылады. Ал «Кім тапқыр?» бағдарламасының жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табысталады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!