I-balapan

Сипаттамасы

Бағдарламаның әр саны арнайы  бір тақырыпқа арналып, хабар барысында сол тақырып бойынша белгілі бір нәтиже ұсынылады. Интернет кеңістігіндегі танымал бағдарламалар мен платформалардың көмегін пайдаланып, өзінің сапалы контентін жасауға баулу – i-balapanның басты мақсаты.  Хабар барысында балалар IT саласындағы жаңа білім мен  мүмкіндіктерді игеріп, өзі өнім жасай алатын толыққанды маманға айналады. Цифрлық технологияларды шынайы білім көзі ретінде пайдаланудың жолдарын меңгертіп, балалар арасында жаңа технологияларға деген сапалы және саламатты көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді. Программалау, анимация, робототехника, видеожасау, үнхабар (подкастинг), ойындар т.б. болуы мүмкін.

 

Бағдарлама атауы: «I-balapan»

Аудиториясы: 6+

Жоба жетекшісі: М. Жұмабай

Бас продюсері: С.Кенжебаева

Продюсері:  В. Тынысбекова

Өндіруші компания: «KEMEL production» ЖШС

Бас режиссері: Қ. Әбдібаева        

Бас редакторы: Ә. Балғабаева

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: Сейсенбі, жұма сағат 17:05

Қайталауы: Сенбі, жексенбі сағат 10:25  

Бағдарлама саны, ұзақтығы: 30 серия, 10 минут

Жанры: ағартушылық-танымдық          

Байланыс телефондары: 75-70-89

 

 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!