«Бірге-бір» бағдарламасы тікелей эфирге шығады. Ойында студия қонағы мен көрермен сайысқа түседі. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы – «Сөзжұмбақ».
Алдымен ортаға ойыншы шақырылады. Ол хабарласқан көрерменге үш сөзді іс-қимыл арқылы жасырады.
Ал, көрермен қандай сөздер екенін табу керек. Әр сөзді табуға 15 секунд беріледі. Егер берілген 3 сөздің барлығын дұрыс тапса, екінші айналымға өтеді.
Екінші кезең – «Әнжұмбақ». Бұл айналымда студия қонағы құлаққап киіп, әннің ырғағына қосылады.
Хабарласқан көрермен оның қандай ән орындап тұрғанын табуы керек. Егер барлық тапсырманы орындаса, «Бірге-бірдің» жеңімпазы атанады.
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 16:00
Ұзақтығы: 10 минут
Қайталанатын уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 08:05
Шығарылым саны: 197
Жанры: ойын-сауықтық, танымдық (тікелей эфир)
Аудиториясы: 4-10 жас
Тікелей эфир телефондары: +7 (7172) 955 577