Бағдарламаның әр бөлімі реалити шоуға құрылады. Қарсыластары, жанұясы, арманы туралы қызықты таныстыру ролигі көрсетіледі. Жобаға 5 пен 14 жас аралығындағы кез келген бала қатыса алады, танымал хареографтар мен би мамандары қазылық етеді. Әр бағдарлама заманауи би, әлемнің халық билері, балл биі түрлерін қамтиды. Бағдарламаны тамашалау арқылы кішкентай көрермендер түрлі би үйренуге мүмкіндік алады.
Би қимылдары баланың ырғақты сезінуін, буындарды игеруін дамытады. Би мәнері тұлға әсемділігі үшін ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа пайдасы мол. Би үйрене отырып, әр елдің мәдениетінен де хабардар болады.
Бағдарлама атауы: «Биле, балапан!»
Аудиториясы: 6+
Жоба жетекшісі: М. Жұмабай
Бас продюсері: С.Кенжебаева
Продюсері: В. Тынысбекова
Өндіруші компания: «ЖАҢА АРНА MEDIA GROUP» ЖШС
Бас режиссері: Қ. Әбдібаева
Бас редакторы: Ә. Балғабаева
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: қыркүйек айынан бастап
Бағдарлама саны, ұзақтығы: 12 серия, 35 минут
Жанры: би бәсекесі спорттық, ойын-сауықтық бағдарламасы
Байланыс телефондары: 75-70-89