Жобаға бір отбасының 3 баласы қатысады. Олардың жас ерекшелігі 0-6 жас аралығында болуы тиіс. Бір бағдарламада 3 отбасының баллары бақ сынайды. Қатысушылар ата-ананың көмегенсіз өздері жұмыла кірісіп, барлық сынақтан өтуге тиіс. Тапсырмалардан сүрінбей өткен топ жеңімпаз деп танылып, арнайы марапатқа ие болады. Бұл жобаға іріктеуден өткен еліміздегі кез келген отбасының балалары қатыса алады. Бағдарламаның шымылдығын ағайынды екі жүргізуші ашады. Сондай-ақ арнайы мультфильм кейіпкерлері жетектеп командаларды қызыл кілеммен жүргізіп, түсірілім алаңына алып келеді. Ойын барысында отбасы құндылықтары мен балабақшадағы қызықтары сөз болады. Бағдарлама соңында қатысушылар жобаға арнайы жазылған гимді айтып, аяқтайды.
Бағдарлама атауы: Бауырлар додасы
Аудиториясы: 6+
Жоба жетекшісі: М. Жұмабай
Бас продюсері: С.Кенжебаева
Продюсері: В. Тынысбекова
Өндіруші компания: «Парасат production» ЖШС
Бас режиссері: Қ. Әбдібаева
Бас редакторы: Ә. Балғабаева
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: сейсенбі, бейсенбі сағат 18:00
Қайталауы: сейсенбі, бейсенбі сағат 11:25
Бағдарлама саны, ұзақтығы: 20 серия, 35 минут
Жанры: Ойын-сауық бағдарлама
Байланыс телефондары: 75-70-87