Алтын сақа

Жоба бейнелері

Сипаттамасы

«Алтын сақа»  - үстел ойынының телевизиялық  нұсқасы.  Бағдарламаның аты айтып тұрғанда ойын «Алтын сақа» ертегісіне негізделген.  Сол себепті, бағдарламаға  ертегі кейіпкерлері қатысады. Олар жүзден жүйрік –Желаяқ, бір көлді ішіп тауысқан-Көлтауысар және Жалмауыз кемпір. Ойын қызықты әрі шытырманға толы болады. Ойынға тек  білімді, тапқыр, епті, ойы жүйрік балалар қатысады. Бағдарламада  тарих, салт-дәстүр, халық музыкасы, ұлттық ойындар төңірегінде сұрақтар қойылады. Студия еденіне ойыншылар жүріп өтетін жол салынады. Жолдың шартты белгілері, жеңілдіктері мен қиындықтары болады. Қатысушылар Алтын сақаны алу үшін жолдағы түрлі кедергілерден сүрінбей өту керек.  Балалар екі немесе үш топқа бөлінеді. Топтардың жүру кезегін анықтау үшін жеребе тасталады. Яғни, асық шиырылады (алшы түссе-бірінші, тәйкі түссе-екінші) деп анықтайды. Бірінші топ асық шиырып, неше қадам жүретінін анықтайды. (омпа-1, бүк-2, шік-3, тәйкі-4, алшы-5 қадамға сәйкес). Топ осы түскен сандарға сәйкес ілгері жылжып, сол сектордың сұрағына жауап береді. Жауап дұрыс болса, ілгері жылжи береді. Қате болса, орнында қалады. Осылайша, келесі топ жүру кезегін алады. Балалардың жылдам жауап беруіне  ертегі елінен келген кейіпкерлер көмектеседі. Сұраққа дұрыс жауап берген ең белсенді топ  Алтын сақаға жетеді. Бірақ, сақаны  ертегідегідей Жалмауыз кемпір күзетіп отырады. Жалмауыз кемпірдің күрделі  сұрағына  жауап берсе,  Алтын сақаны алады. Ойын соңында  Алтын сақаны алған топ ойынның жеңімпазы атанып, бағалы сыйлыққа ие болады.

Бағдарлама атауы: «Алтын сақа»

Аудиториясы: 6+

Жоба жетекшісі: Ж.Укибасова

Продюсері: Г.Қарғабаева

 

Өндіруші компания: «Abadan Entertaiment» ЖШС

 

Бас режиссері: Қ. Әбдібаева

 

Бас редакторы: Ә. Балғабаева

 

Бағдарламаның ұзақтығы: 50 серия, 25 минут

 

Жанры: интеллектуалдық бағдарлама

 

Байланыс телефоны: 8 (727) 293 22 77

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!