Әдемі - ай

Сипаттамасы

Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушылар дүкен аралап, ұсынылған тақырыпқа сай өздеріне киім таңдайды. Одан кейін студияда сән шеруін көрсетеді. Ал, екінші кезеңде дүкеннен алған киімдеріне үйлесімді әшекей бұйымдар жасайды. Жұмыстарын сән алаңында көрермендерге көрсетеді.

Кәсіби сәнгер бағдарламаға қатысушылардың сәнгерлікке бейімділігін, қолөнер шеберлігін теледидар арқылы бақылайды. Өз пікірін айтып, бағасын береді.

Бұл маусымның тағы бір жаңалығы – «Сәнқой» айдары ашылды. Енді көрермендер жіберген көйлектердің суретін көрсетеміз.

Жоба жетекшісі: Л.Сеңгірбекова

Продюсерлері:  А.Хабибуллина, М. Әметхан

Өндіруші компания: «Kazmedia mobil» ЖШС

Бас режиссері: Қ.Әбдібаева

Жүргізушілері: Айнара Дінислам, Дариға Касенова

Түсірілім мерзімі: 2016 жылдың шілде, тамыз айлары

Эфирлік көрсетілім мерзімі: 2016 жылдың қыркүйек-желтоқсан айы аралығы (оригинал)

Қайталау уақыты: жыл бойы

Ұзақтығы: 20 минут

Аудиториясы: 3-10 жас

Жанры: танымдық ойын-сауықтық

E-mail: balapantv@kaztrk.kz

Мекенжайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4

 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!