Арни

Жоба бейнелері

Сипаттамасы

«Арни» - ізденуге, бәрін білуге құштар Арни есімді кейіпкердің шытырман оқиғалары туралы көңілді бағдарлама! Басты кейіпкер Арни уақытын ең ғажайып жерлерде – ойын-сауық саябақтарында, мұражайларда және табиғатта өткізеді, балаларды айналасындағы заттармен, әлеммен таныстырады. Әр эпизодта Арни жас көрермендерге балалардың ой-өрісін кеңейтуге көмектесетін пайдалы ақпарат пен қызықты фактілермен бөліседі. Ол ғылыми жаңалықтар, табиғат құбылыстары туралы айтып, тіпті автокөліктерге шолу жасайды! Жарқын және түсінікті иллюстрациялар мен қызықты оқиғалардың көмегімен Арни ақпаратты жас көрермендер үшін қолжетімді және қызықты етуге тырысады.

 Балалар кейіпкермен бірге көптеген жаңа және қызық нәрселерді үйренеді. Әрбір эпизод өзінің есте қаларлық оқиғаларымен таң қалдырады. Балалар Арнидің кез келген жағдайда шабыттана алатын қабілетіне қызығады.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!