Бұл жобаның мақсаты – балалардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын байыту, сол арқылы еркін сөйлеуге баулу. Бағдарлама дайын локацияда ойын түрінде, блог форматында түсіріледі. Балақайларды қызықтыру үшін түрлі графика мен реквизиттер қолданылады. Жүргізуші ретінде екі бала таңдалынып алынады. Бірі ағылшын тілін жетік білетін, екіншісі тілді енді үйренгісі келетін бүлдіршін. Олар күн сайын бір әріпті тақырып ретінде алып, соны бөлмеден іздеп жүріп тауып алады да, көрермендерге таныстырады. Балақайлар сол әріптерге байланысты графикамен жасалған жан-жануарлармен, түстермен, сандармен, және тағы да басқа заттармен кездеседі. Графикалық кейіпкерлер көрермендерге өздері жайлы түрлі қызықты ақпараттар айтады.