A.I.Dos

Сипаттамасы

A.I. Dos  – балалардың «адам кейпіндегі» виртуалды көмекшісі. A.I. аббревиатурасы Artificial Intelligence, яғни жасанды интеллект дегенді білдіреді. Бағдарламаның әр санында балалардан түрлі бағыттағы сұрақтар мен өтініштер келіп түседі. Оларға жан-жақты жауап беру үшін A.I. Dos өз командасының көмегіне жүгінеді. Команда мүшелері: ғылым мен технология маманы – A.I. Bolat, мәдениет, әдеп және салауатты өмір салтының насихаттау маманы – A.I.Zere, тарих пен география маманы – Abyl A.I. Бағдарлама кішкентай көрермендердің «сұрақ қойғыш» кезеңі үшін өте пайдалы. Сонымен қатар балалардың жасанды интеллект сияқты жаңа технологиялық трендтерден қалыспай, ізденуіне мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!