Батыс пен шығысты байланыстырған алтын көпір
Әл-Фараби бала кезінен өте зерек, білімге құмар болған. Сол құштарлығының арқасында ол 12-16 жасында білім іздеп, сапар шегеді. Сол замандағы ірі ғылым-білім орталықтары Дамаск, Мысыр, Хорасан шаһарларында болып, білім көкжиегін кеңейтеді.
Ол осы сапары аясында Бағдатқа барады. Бағдаттың әлемге әйгілі кітапханасы оны таң қалдырады. Осы шаһарда Аристотель, Платон сияқты ұлы ғалымдардың еңбектерімен танысады. Қалада көп оқымастылармен кездесіп, олардан тіл үйренген. Болжам бойынша ол 70 тіл білген екен.
Орта ғасырларда Еуропа елдерінде тоқырау басталады. Сол уақытта халық Аристотельдің еңбектерін оқып, сол кітапқа жүгінгісі келгенімен, ұлы ғалымның кітаптары түсінуге қиын еді. Әбу Насыр әл-Фараби осы ғылыми еңбектерді ұғынықты тілмен жазып шығады. Аристотельдің «Метафизика», «Категория», «Бірінші және екінші аналитика» сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған. Сол кездегі еуропалық ғалымдардың көбі әл-Фарабидің жазған еңбегі арқылы Аристотельдің шығармаларын оқыған.
Орта ғасырлардағы қайта өрлеу дәуірін еуропалық ғалымдар әл-Фарабимен тікелей байланыстырады. Көптеген ғалымдар шығыс мәдениетін, тұрмысын әл-Фараби арқылы таныды.
Алғаш рет музыканы қағазға түсіріп, нота түсінігін әкелген де әл-Фараби еді.
«Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Ғылымдардың шығуы», «Музыка» сияқты іргелі еңбектері бар.
Ол өзінің 80 жасында математика, философия, медицина, музыка, этика, тіл білімі, логика салаларында 150-ге жуық трактат қалдырған.
Сонымен бірге музыкалық аспаптарды қолдан жасап, сол аспаптарда өзі шебер ойнай білген. Әл-Фараби ойнаған аспаптар сыбызғы, чанг, нагора, қобыз және басқалар.
«Ақылдың мәні», «Үлкен музыка кітабы» сияқты философиялық еңбектер қалдырды.
Әл-Фарабиді шығыс ғылымдары Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атады.