«Жігерлі достар» мультхикаясы – кішкентай көрермендерді спорт түрлерімен таныстырып, кейіпкерлер арқылы оның ережелері мен спортшыға қойылатын талаптарды таныстыруға бағытталған. Әр бөлім бір спортқа арналады. Айбар, Мансұр, Айзере – айнымас тату достар. Олар бірге салауатты өмір салтына көңіл бөледі. Ал Жантас – оларға үнемі кедергі жасап жүреді. Алайда құйтырқы жоспары жүзеге аспай, өзі күлкіге қалады да жүреді. Оның спортпен тұрақты айналысуына достары ықпал етеді.
3D форматындағы бұл анимацияның әр бөлімі 6 минуттан тұрады. Барлығы 15 серия.