👩🦰 Тара Дункан қарапайым ғана жоғарғы сынып оқушысы еді. Алайда бір күні өзінде тылсым күш барын аңғарды. Сол құдіреттің арқасында Тара өз даусын ерекшелеп, іріктеуде жеңіске жетіп, аты мәшһүр дыбыс жазу студиясымен келісімшартқа отырды. Ән салуды мүлде білмейтін қыздың аяқ астынан жарқ еткен жеңісі көпшілікті таңғалдырды. Бірақ өмірде бәрі біз ойлағандай оңай бола бермейді.
✨🪄 Тараның бойындағы бұл қасиет айлакерлік жасап, ән байқауларында жеңіске жету үшін берілген жоқ. Дегенмен, Тараның болашағы бұлыңғыр. Ол өзіне берілген мүмкіндікті дұрыс пайдалана ала ма?..