Қаһарман

Сипаттамасы

«Қаһарман» анимациялық фильмінің басты мақсаты – жас ұрпақты ата-бабасы түркі халықтарының батырларымен, салт-дәстүрімен, ерліктері мен ел үшін қызметін таныстыру. Тәрбиелік мәнге шақыру. Батыр қай кезде де елін қалпына келтіруші. Еліне қауіп қатер төндірген жауды жеңуші, адалдықты асқақтатып, әділет орнатушы тұлға ретінде түсіндіру. Жамандықты жақсылықпен, зұлымдықты ізгілікпен, жауыздықты қайырымдылықпен жеңу – халқымыздың басты мұраты екенін көрермен бойына сіңіру. Бабалар дәуірін қамти отыра көрерменнің тарихи санасын кеңейту. 

10 бөлімде бірнеше қаһарман сипатталып, тарихи деректерге сүйене отыра олардың тапқырлығы мен ерліктері көрсетіледі. Әр бөлімде бала санасына, ойына шақталған жатық тілде оқиға өрбіп, кейіпкердің даналығымен, әділ шешімімен, батыл қадамы, ерлік әрекетімен аяқталып отырады. Сайын дала, ну орман, биік шыңдар, жартастар, өзен-көл мен көк жайлау, көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі беріледі. Көшпенділердің өмірі арқылы сол дәуірдің байырғы өркениетін де қатар алып, бабалардың табиғатқа, Отанға деген сүйішпеншілігі бейнеленеді. «Мөде қағанның жерді сақтап қалуы» бөлімінде қанша қалың қол әскері болса да, өзге жерге көзін алартпай өз жерін қанағат тұтатын тұлғаның бейнесі беріліп, оның зұлымдыққа берген жауабы мен жерін қорғаған ерлігі көрсетіледі. «Шырақ жауынгер» бөлімінде жанкештілік пен күрескерліктің адам бойындағы ең құнды дүние екенін танытып, сын сағатта тапқырлықтың қалай барлық елді сақтап қалатыны суреттеледі. 

Ұзақтылығы: 7 минут

Серия саны: 10

Жанры: тарихи-танымдық 3D анимация

Тілі: қазақ

Аудиториясы: +6


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!