Хронометражы: 7 минут
Серия саны: 26
Жанры: танымдық, ойын-сауық
Форматы: 3D анимация
Тілі: қазақ тілі
Аудиториясы: -6
Ұсынушы: «Kemel production» ЖШС
Жобаның маңыздылығы:
«Бөпе» мультхикаясы қазақ фольклорындағы Толағайдың сәби кезін негізге алады. Кішкентай кейіпкер бөпе бола тұра, алып күшке ие және айналасындағы жануарлармен дос болады. Оның еркелікке толы іс-әрекеті мен мейірімді жүрегі – мультхикаяның өзегі. «Бөпе» – кішкентай көрерменнің таным-түсінігін кеңейтіп, дүниені тануға деген ұмтылысын арттырады. Сүп-сүйкімді бөпенің өзіндік мінезі мен стилі бар. Ол барша кішкентай көрерменнің досына айналады.
Жобаның мақсаты:
Қазақ фольклорындағы Толағайдың сәби кезін шытырман оқиғаға негіздеп, қызықты формада кішкентай көрермендерге ұсыну. Мультхикая басты кейіпкердің ауласын, айналасын тануынан басталып, алғашқы достарын табуымен жалғасады.
Формасы:
Оқиғаның негізгі кейіпкері 6-8 айлық бөпе. Еңбектейді, көңілді, іс-әрекеті ширақ. Негізгі локация бөпенің үйі, ауласы, айналасы. Жоба бір жасқа толмаған балаларға арналған. Мультфильм шытырман оқиғаға негізделген. Сценарий өзегі еңбектеп жүретін бөбектің қылығы. Өмірге құштарлығы. Сөзге емес, тұтастай іс-әрекетке құрылады. Дыбыстық эффектілермен әрлеуге басымдық беріледі. Қосалқы кейіпкерлер: бөпенің ағасы, апасы, лақ пен күшік. Олар сюжетті ширату және оқиғаның тірегі ретінде ғана қолданылады. Мультхикая барысында оқиғаның дамуына қарай жаңа кейіпкерлер пайда болады. Әр серияда бөпенің басынан өткен қызықты оқиға мен оның айналаны танып, достық құруы баяндалады. Мысалы, бөпе алғаш ауласында ойнап жүрген лақпен танысады. Ол лақтың мойнында ілулі тұрған қоңырауды қызықтап, тартып қарайды. Бөпенің күші тасып, қоңырау үзіліп кетеді де, лақ аспанға қарай ұшады. Оқиға осылай қызықты өрбиді. Сюжет шағын ғана диалогпен, іс-әрекетке құралады.
«KEMEL production» ЖШС Умбетова И.А.