Көжектер

Сипаттамасы

Мультхикаяда екі көжектің бастан кешкен қызық оқиғалары мен достығы жайлы баяндалады. Басты кейіпкерлердің бірі орман шетіндегі үйде тұратын көжек болса, екіншісі – орманда мекендейтін көжек. Екеуі де епті, жайдары және өте білімпаз. Олардың бірі үй тұрмысынан ғана хабардар болса, екіншісі тек өз орманы туралы ғана біледі. Осылайша көжектер бір-біріне өз «әлемдерін» көрсетіп, ондағы ерекшеліктерін таныстырады. Қос кейіпкер әр бөлімде өздері үшін жаңалық ашып, белгілі бір сұрақтың жауабын табады. Сондай-ақ ақылды көжектер мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, олар арқылы өзін қоғамдық орындарда қалай ұстау керек, дұрыс тамақтану (театрда ұялы телефонын өшіріп қою, үлкенге сәлемдесу т.б.) секілді әдептермен танысады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!