Басты Корпорация Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай
Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай

Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай

Басқарма Төрағасының орынбасары

1971 жылғы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Құжаттандыру және консулдық қызмет» бағыты бойынша тәмамдаған. Халықаралық бизнес академиясында іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алған. 

Жұмыс тәжірибесі:

1991-1993 жж. – Республикалық «Спорт» газеті, журналист

1993-1994 жж. – «Жас Алаш» республикалық қоғамдық-саяси газеті, журналист

1994-1996 жж. – «Атамұра-Столичное обозрение» қоғамдық-саяси апталығы, журналист

1996-2007 жж. – «Хабар» Агенттігі редактор, продюсер, Астана қаласы Орталық бюро директорының орынбасары

2007-2008 жж. – «Қазақстан» РТРК АҚ, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры

2008-2016 жж. – «Жетінші арна» - Эра ТВ Бас редакторы, Бас директорының орынбасары, Директорлар кеңесінің төрағасы

2016-2019 жж. – ҚР Парламент Сенаты Төрағасының БАҚ бойынша кеңесшісі

2019 ж. – «Астана» телеарнасы бас директоры

2022-2023 жж. – ҚР Парламент Сенаты Төрағасының Кеңесшісі

2023-2026 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2026 жылдың 22 қазанынан «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма Төрағасының орынбасары

Бөлісу

Басқа да