Амангүл Ермекқызы БҚО Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында туған.
2008-2012жж. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Жұмыс тәжірибесі:
2011 жыл – РТРК «Қазақстан» АҚ Атырау облыстық филиалы «Қазақстан-Атырау» радиосында редактор-жүргізуші;
«Жыр перне» әдеби-музыкалық хабары мен «Кеш жарық» радио сайысының авторы, жүргізушісі;
2012-2014 жж. – Астана қаласы «SANA» балаларды дамыту орталығында оқытушы;
2014-2015 жж. – «Хабар» арнасының тапсырысы бойынша «Жазира-студия» продюсерлік орталығы дайындаған «Ұлт саулығы» және «Айбын» бағдарламасының редактор-сценаристі, дикторы;
2016 жыл - Қыз-келіншектерге арналған «Ана бол» сайтындағы «Денсаулық» айдарының редакторы;
2016 жыл – «QAZAQSTAN» ҰТА «Бүгін жексенбі» бағдарламасының сюжет редакторы;
2016 жыл – «QAZAQSTAN» ҰТА «Жан жылуы» бағдарламасының редактор-сценаристі;
2017 жыл – Қазақ радиосы «Жан жылуы», «Ақ отау» бағдарламасының редакторы, «Атымтай» бағдарламасының редактор-жүргізушісі;
2018 жылы – «Сәуле-ғұмыр», «Қайырлы таң, қазақ елі» бағдарламаларының редактор-жүргізушісі;
«Түркия үні» радиосы эфирінен шығатын «Түркістаннан тарту» хабарының редактор-жүргізушісі;
2019-2021 жж «Мың алғыс» әлеуметтік жобасының, «Жырлайды жүрек» поэзия сағатының редактор-жүргізушісі;
«QAZAQSTAN» ҰТА «Қымбат жандар» бағдарламасының монтаж редакторы және админстраторы;
2021 жылдың қараша айынан бері Balapan арнасының шеф-редакторы
Жетістіктері:
• ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хаты;
• «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының алғыс хатытары;
• «Қазақ радиолары» ЖШС директорының алғыс хаттары