Сандуғаш Баймаханқызы Кенжебаева

Бас продюсер

Кенжебаева Сандуғаш Баймаханқызы – журналист, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. 2002 жылдан бері республикалық телеарналар мен радиоларда редакторлықтан бастап, бас редактор, баспасөз хатшысы, бағдарлама директоры, бас продюсер секілді түрлі қызметтер атқарып келеді.

АҚШ-та тағылымдамадан өткен. Түркиялық телеканалдар мен радиоларда тәжірибе алмасып, халықаралық жобаларға продюсерлік еткен.

Медиа-тренер (InterNews Kazakhstan).

Ағылшын, түрік тілдерін біледі.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!