Айнұр Нұржауқызы Исаева

Бас редактор

Айнұр Нұржауқызы Исаева 1987 жылы Өзбекстанда дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. 

2006-2008 жылдары – Республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының тілшісі.

2009-2010 жылдары – «Алматы» телеарнасының жаңалықтар журналисі.  

2012 жылы – «Қайсар мен Санжар» телехикаясының диалогтар авторы («Balapan» телеарнасы). 

2015 жылы – «Ұлт мақтанышы» деректі фильмдер циклының бас редакторы («Қазақстан» РТРК).

2011-2015 жылдары – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ сценарий-редакциялық алқасының редакторы. 

2015-2019 жылдары – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.

2017 жылы – Лос-Анжелестегі Spirit of the Great Steppe атты қазақ киносы күндерін ұйымдастырушылардың бірі. 

2018 жылы – Венеция кинофестивалінің аясында қазақ киносы күндерін ұйымдастырушылардың бірі. 

2019 жылы – «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Баспасөз қызметі және ақпарат бөлімінің сарапшысы.

2021 жылы – «Bilim Media Group» ЖШС – редакторы әрі аудармашысы.  

2021 жылдың қыркүйегінен «Balapan» телеарнасының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!