Жұмабай Мақпал Құрманжанқызы 1985 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Кино және ТВ бөлімі» мамандығы бойынша ғылым магистрі.
2003-2008 жылдар аралығында республикалық «Ана тілі» ұлт газетінің тілшісі, бөлім редакторы;
2008-2011 жылдар аралығында «Qazaqstan» телеарнасы Таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы;
2011-2013 жылдар аралығында «balapan» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері;
2014-2018 жылдар аралығында Қазақстанның ашық кітапханасы – www.kitap.kz жобасының жетекшісі;
2018 жылдың 2-ақпанынан бастап «balapan» телеарнасының директоры.
Марапаттары:
• Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері (2006 ж);
• ҚР Президент қоры грантының иегері (2017 ж).
Шығармашылығы:
• «Қырандар мен қазақтар» кітабы (2008 ж)
• «Мақпал шер» поэтикалық жинағы (өлең кітабы және аудиоальбом, 2017 ж)
• «Жалғызым» альбомы (2017 ж)
Қосымша деректер:
• TEDxAlmaty конференциясының спикері (2017 ж);
• Қазақ ПЕН-клубы мүшесі;
• Ұлттық аударма бюросының «Гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакторы.