Үздік қойылым

Сипаттамасы

Телехикаяда мектеп оқушыларының қызыққа толы өмірі көрсетіледі. Оқушылар «Үздік қойылым» сайысы дайынд

Мектеп оқушылары арасында Мемлекеттік «Үздік қойылым» сайысы жарияланды. Бас жүлде – киноға басты рөлдерде түсу мүмкіндігі. Бұл жаңалықты естіген Алматы қаласының қарапайым 3 «б» сынып оқушылары да бақтарын сынамақшы.

Сабақ уақытында сыныпқа мектеп директоры келіп оқушыларға жылдың соңында өтетін «Үздік қойылым» атты мектепаралық Мемлекеттік сайыс жайында хабар етті. Сайыста жеңгендерді киноға түсіретіні туралы естіген соң, бұл жаңалыққа бәрінен бұрын киноға түсуді армандап жүрген Айзере қуанды, Айзереге ғашық болып жүрген Азамат, оған ұнау үшін бұл сайысқа қатысатынын жариялады. Сыныптың балаларына көп тиісіп жүретін бұзақы Данияр да бірге қойылымға қатысқысы келді, бірақ оны ешкім қабылдамады. Сыныптастарына ренжіген Данияр балалардың сайысқа қатысып жүрген уақыттарында әрдайым ор қазып жүреді. Балалардың қызыққа толы дайындық кезеңі немен аяқталмақ? Жас шығармашылық ұйым көздеген мақсатына жете ала ма? Көрермен нағыз шытырман оқиғаның куәсі болмақ.


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!