Табиғат сақшылары

Сипаттамасы

Қала шетіндегі ықшам ауданның бір бүйіріндегі жаңа мектептің өмірі соңғы кезде өзгеше күйге, жаңаша қалыпқа түскен. Оның себебі мектепке жақында келген өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дана апай.

Дана апай оқуын бітірген бойда осы мектепке жұмысқа орналасады. Жас апай мұндағы балаларды бірден өзіне баурап алады. Әрбірімен етене сөйлесіп ет жақын араласып кетеді. Дана апай балаларға әрқашан табиғатты аялау керек екенін айтады. Бұл 5 сынып оқитын Темірлан деген балаға ұнайды. Сөйтіп әдепкіде бірнеше бала топтасқан «Табиғат сақшылары» деген ұйымы құрылады. Кейін бұл ұйымның қатары толығады.

«Табиғат сақшылары» ұйымы табиғат аясын тазалаудан бастап жан-жануарға, құстарға қамқорлық жасау сияқты көптеген жұмыстар атқарады. Бұл жұмыстарды атқару барысында көптеген қызық оқиғаларға тап болады.

Ұзақтығы: 20 минут

Жалпы саны: 30 серия

Жанры: ситком

Тілі: қазақ

Аудиториясы: 6+

Жиілігі: күн сайын

Өндіріс: «Таудай талап Production» ЖШС

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!