Суперкөлік Самұрық

Сипаттамасы

Қысқаша мазмұны: Ойыншық қалашықтың дәл ортасында басқа ғимараттарға қарағанда бітімі бөлек, ерекше көлікжай тұр. Бұл – Самұрық атты көліктің тұрағы. Самұрық – ерекше көлік. Дөңгелектері жай көліктердің бойымен бірдей болғандықтан, шанағын төрт төбенің басына шығарып қойғандай әсер береді. Керек кезінде үлкейіп-кішірейеді. Бұл көліктің ерекше үлкен көлемде болуының себебі – дәнекерлеу құрылғысы, экскаватор күрекшесі, алып магнит шеңбері сияқты басқа да неше түрлі құрылғылармен жабдықталған.

Ойыншық қалада таң атып, табиғат оянысымен Самұрық өзінің белгіленген жеріне сан алуан ойыншықтардың бөлшектерін жеткізеді. Жол бойында тоқтап, экран алдында отырған балақайлармен байланыс жасайды. Сол жерде көмекшісі Саямен бірге ойыншық ұшақтарды, көліктерді, тікұшақтарды, кемелерді құрастырып, оларды әртүрлі түске бояп, алға қойылған тапсырманы орындаумен айналысады. Мысалы: төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, жасыл, сары, көк деген сияқты әртүрлі пішіндер мен түстерді балалар да қайталап Самұрыққа көмек бергендей болып отырады.

Жобаның мақсаты: Бөбектердің танымын арттыру. Еңбекке баулу, ойлау қабілетін дамыту.

Жобаның маңыздылығы: Басты кейіпкермен тікелей байланыста отырып, ойын негізінде қарапайым оқиғаларды тамашалау – ең кішкентай көрермендеріміздің қиялын ұштай түседі.

Ұзақтығы: 5 минут

Жалпы саны: 15 серия

Жанры: анимация / 3D, шытырман оқиғалы

Тілі: қазақ

Аудиториясы: -6

Жиілігі: аптасына 1 рет

Өндіріс: «Rio production» ЖК

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!