Бал балалары

Сипаттамасы

Оқиға айрандай ұйып отырған Шалқия ауылының тұрғындары Алтынбаевтар отбасында орын алады. Бір күні осы әулеттің тұңғышы Мақсат ара шаруашылығымен айналысамын деп шешеді. Бірақ оның бұл ойын інілері: Асқар, Аман, Асан, Арман құптамайды. Себебі, бұл бастама оларға көп машақат әкелетіні әу бастан белгілі еді. Бауырлары ағасын райынан қайтару үшін қолдарынан келгеннің бәрін істейді. Бірақ ешкімге көнбеген Мақсат араларды үйге әкеледі. Енді аралар тек Алтынбаевтардың ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындарының назарын аударып, қызығушылығын оятады. Дегенмен уақыт өте келе, Мақсаттың інілері бұл істің қаншалықты пайдалы әрі тиімді екенін түсініп, ағасына көмектесе бастайды.

Ара шарушылығымен айналысқан Алтынбаевтар отбасысы табысқа кенеліп, бүкіл ауыл алдында құрметке бөленеді. Себебі бұған дейін араларға мүлдем көңіл бөлмеген ауыл тұрғындары, енді оның денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін, табиғаттағы алар орны қандай екенін түсінеді.

Ұзақтығы: 20 минут

Жалпы саны: 15 серия

Жанры: ситком

Тілі: қазақ

Аудиториясы: 6+

Жиілігі: аптасына 1 рет

Өндіруші: «Таудай Талап Production» ЖШС



Әлеуметтік желілерімізге қосыл!