Аспазия

Сипаттамасы

Хронометраж: 7 минут

Серия саны: 20

Жанры: шытырман оқиғалы, 3D анимация

Тілі: қазақ

Аудиториясы: -6

Орманды алқаптарының бірінде тұрмысы құпияларға толы, өмірі қиял-ғажайыпқа қанық кішентай бір әлем бар. Ол – аспаздар әлемі, Аспазия. Бұл әлемнің тұрғындары – адам тектес, аласа бойлы, сүйкімді жаратылыс иелері. Саңырауқұлаққа ұқсас киіз үй тәрізді әсем ғимараттарда өмір сүреді. Аспазияның ұлы аспазы Астық атаның ескерткіші қала тұрғындарына жаңа тағам түрлерін ойлап табуға шабыт сыйлап, ынталандырып тұрғандай әсер қалдырады. Әр жылдың соңында қала тұрғындары фестиваль ұйымдастырып, өзара дауыс беру арқылы ең тәтті әрі пайдалы ас мәзірін жасаған аспазды марапаттайды.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!