Агент-Д, Сақшы, Коко, Робо төртеуі ғарыштан Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды бақылап отырады. Олар балақайларға ұрлық жасамау, өтірік айтпау, ата-ананың айтқанын тыңдау, жаман қылықтан ада болу керектігін нақты түсіндіріп, оқиға арқылы жеткізеді. Мультхикаяның басты ұраны «Ізгілік әлемді құтқарады!». Әр сериядан бір ғибрат алады.