Мойнақ

Сипаттамасы

Кішкене қалада Әмір атты бала өмір сүреді. Оның Мойнақ атты иті болады. Күндердің күні әлгі ит өзінің қожайынын, Әмірді таппай қалады. Бірнеше күн иесін іздеп, оның мета әлемге кетіп қалғанын біледі. Әмірдің ол әлемнің қызығына кіріп, кеткісі келмей қалғанын түсінген Мойнақ кері қайтарудың жолдарын іздейді. Ұзақ іздеп қожайынын тапқан кезде, Әмірдің мета әлемде Мойнақтың көшірме голограммасын жасап алып, қызықтап жүргенін көреді. Сол сәттен бастап Мойнақ өзінің көшірмесімен күресіп, Әмірді шын өмірге алып қайту үшін барын салады. Әр бөлімде Мойнақ Әмірді алып кете алмай, өзі байқаусызда мета әлемнен шығып кете береді. Дегенмен, Мойнақ мойымай, әр бөлімде жаңа жоспармен мета әлемде Әмірге бұл жердің оған зиян әрі алдамшы екенін көрсетуге тырысып, барын салады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!