«111» – әртүрлі департаменттен құралған құтқарушылардың бастан кешкен оқиғалары туралы анимациялық фильм. Жас қаһармандар әр бөлімде қылмыстық оқиғалардың, құпия құбылыстардың сырын ашып, төтенше жағдайлар кезінде көмекке асығады. Олар жұмыстың қиындығына қарамайды. Мәселен, кішкентай мысықты құтқарудан бастап, өрт сөндіру секілді қауіпті операцияларға дейін атқара береді. Бұл жобаның ерекшелігі сол, ситуацияларды көрсетіп қана қоймай, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету, алғашқы көмек беру, өзін-өзі қорғау сынды өзекті тақырыптарға қатысты танымдық ақпарат та береді.
Үлкен қалада, бір аулада тұратын айырылмас, тату достардың тек өздері ғана білетін, керек кезде бірге жиналатын базалары (орталық) бар. Базаны өздері «Орталық» деп атайды. Көп мәселені осы жерде шешіп, жоспарлар құрады. Төртеуінің де смарт сағаттары бар. Орталықтан, 111-ден хабарды осы сағаттары арқылы алады. Балалар өздерін тек қана құтқарушылар емес, «супер батырмыз» деп санайды. Себебі олар ұша алады, өрт сөндіреді, биікке де өрмелейді, ал суда сүңгуір де бола алады. Достардың басты ұраны – «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!».