«Жұлдызым»

Сипаттамасы

Бағдарлама 13 жасқа дейінгі қазақстандық дарынды балаларға арналған. Олар – жас чемпиондар, әртістік қабілеті бар балалар, әлемдік деңгейдегі математикалық және басқа да ғылыми сайыстардың жеңімпаздары, бишілер мен суретшілер. Бұл балалар жас болғанымен белгілі бір жетістіктерге жетіп, дарындарын шыңдау үстінде жүрген болашақ тұлғалар. Әр шығарылымында бір кейіпкер өзінің өмірі жайлы айтып береді. Оған қоса, баланың  жеткен жетістіктеріне себепкер болған ата-анасы мен тәлімгерлері де сұхбат береді.

Жобаның негізгі мақсаты – осы дарынды балаларды барша Қазақстанға таныстырып, мыңдаған отандық бүлдіршіндерді жеңістерге ынталандыру. Биік белестерге жету жолында жас ерекшелігі кедергі емес деген ойды қондыру.

Жанры: деректі, танымдық және мотивациялық

Хронометраж: 15 минут

Бағдарлама саны: 30 шығарылым

Аудиториясы: 6+

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!