Үйрен де жирен

Сипаттамасы

Өскелең ұрпақты қазақ халқының ұлттық қолөнерімен жақын таныстыру және Республикамыздағы ұлттық қолөнер шеберлерін кеңінен насихаттау. Тарихы тереңнен нәр алатын ұлттық қолөнерді Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптерімен күнделікті тұрмыс қажетіне жаратып, қол өнердің қазақ халқына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырғанын жеткіншектер назарына ұсыну.

 

Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің түп төркіні тым ертеден бастау алып, дәстүрге айналып бүгінгі күнге жетуі, қазақ халқының халық болып қалыптасуының заттық айғағы  болып табылады.

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады.

 

Ұзақтығы: 20 мин

Жанр: танымдық-тағылымдық

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!