Сынық-сынып

Сипаттамасы

Өте дарынды балалардан құралған 5 «Қ» сыныбының оқушылары мектептің білім жүйесіне көңілдері толмағандықтан тәртіпке бағынбайды. Сондықтан оқытушылардың барлығы бұл сыныптан қашқақтап, сынып жетекшісі болуға келіспейді. Бір күні шетелде оқып келген Мәриям есімді жас маман келеді. Директор оны сынау мақсатымен 5 «Қ» сыныбына жетекші етіп тағайындайды. Арада уақыт өткенде Мәриям сыныпты үйіріп әкетіп, сабақтарды қызықты етіп өткізіп, балалардың қызығушылықтарын арттырады. Оқиға оқушылар мен сынып жетекшісінің қарама-қайшы пікірлерінен туған түрлі қызықты жайттармен өрбиді.

 

Жобаның негізгі мақсаты - бүлдіршіндерді мектептегі қызықты оқиғалар арқылы оқуға деген құлшынысын арттыру, мектептегі кейбір мәселелерді әзіл арқылы көрсетіп, дұрыс жолды меңзеу.    

 

Бағдарлама атауы: «Сынық-сынып»

Аудиториясы: 6+

Жоба жетекшісі: М. Жұмабай

Бас продюсері: С.Кенжебаева

Продюсері:  В. Тынысбекова

Өндіруші компания: «ISMET GROUP» ЖШС

Бас режиссері: Қ. Әбдібаева        

Бас редакторы: Ә. Балғабаева

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты:  қыркүйектен бастап

Бағдарлама саны, ұзақтығы: 10 серия, 20 минут

Жанры: балаларға арналған ситком

 

 

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!