Бағдарлама жас жеткіншектердің өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға, еркін сөйлеуге, ойын дамытуға, шапшаң қимылдап, шыдамды болуға жетелейді. Сонымен қатар, кез-келген қиындықта жол тауып, мақсатына жетуге дағдыландырады. Жобаға қатысқан әр баланың бойына өз – өзіне деген сенімділік ұялатады. Бір бағдарламаға екі бала қатысады. Бір бала 5 минут ішінде 3 сынақтан өтуі тиіс. Бір сынақтан өтуге небәрі 40 секунд уақыт беріледі. Балаларға қозғалысты шектейтін арнайы киім кигізіледі. Бағдарламаға қатысушы әрбір балаға алдын ала түрлі кедергілер ұйымдастырылады. Ойыншыларға қойылатын талап –берілген кедергілерден белгіленген уақытта жаңылмай өтіп шығу керек. Берілген уақыт аралығында кедергілерден өтіп үлгермеген жағдайда студияда дабыл белгісі қағылып, ойын аяқталады.
Жоба жетекшісі: Л. Сұлтанқызы
Продюсері: Г. Қарғабаева
Өндіруші компания: «Kazmedia Mobile» ЖШС
Бас режиссері: Қ. Әбдібаева
Бас редакторы: Ә. Балғабаева
Жүргізуші: модератор - Нұрсұлтан Кубеев
Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: сейсенбі, бейсенбі, сенбі сағат: 21:25
Қайталауы: дүйсенбі, жұма, жексенбі сағат 14:20
Ұзақтығы: 80 серия, 10 минут
Жиілігі: аптасына 3 рет
Жанры: Ойын-сауықтық бағдарлама
Байланыс телефондары: +7 (717) 393-22-77 (ішкі 1271)
E-mail: balapantv@kaztrk.kz