Суретші балапан

Сипаттамасы

Хронометражы: 3 минут

Серия саны: 40

Жанры: танымдық

Тілі: қазақ

Аудиториясы: 6+

Мақсаты: Сурет салудың қарапайым тәсілдерін тартымды түрде жеткізу арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, креативтік әлеуетін ашу.

Асылзат, Мирас және Медина есімді жүргізушілер кезектесіп кішкентай көрермендерге сурет салудың оңай тәсілдерін көрсетеді. Олар кәсіпқой суретші емес, сурет салуды өз беттерімен үйреніп жүрген балалар. Әрқайсысының сүйікті бағыты бар. Мысалы Мирас ғарыш, ғаламшарлар, динозаврлар, микроағзалар сияқты тақырыптарда сурет салса, Медина күнделікті тұрмысқа арналған заттарды (мақта таяқшалары, жұмсақ ысқыш, фольга) қолданып сүйкімді туындылар шығарады. Ал Асылзат тарақ, жіп, балауыз шам, шанышқы сияқты қосымша атрибуттарды пайдалана отырып, күрделі суреттерді жеңіл бейнелеудің жолын ұсынады.

Суреттің салыну барысын көрермендерге барынша түсінікті ету үшін, жүргізуші әр қадамын түсіндіреді. Сондай-ақ әрбір шығарылымның тақырыбына қатысты танымдық ақпаратпен бөлісіп отырады. Ақпарат салынып жатқан нысанға да, қолданылып жатқан атрибутқа да, салу техникасына да қатысты болуы мүмкін. 


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!