Шытырман

Сипаттамасы

Биыл «Шытырманның» 3-ші маусымы. Жылдан жылға бағдарламаға қатысушылар саны артуда. Биылғы бағдарламада қатысушылар физикалық және зияткерлік жүктемелерден өтеді. Тапсырмалардың әдіс-тәсілі – реалити-шоудың негізінде құрылады. Бір хабарда 3, бір ауысымда 270 қатысушы болады деп жоспарлануда. Шытырманнан өту баланың мақсатына жеткенін сезінуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаға 8-12 жас аралығындағы еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары таңдалады. Барлық қатысушылар медициналық тексеруден өтуі керек. Қатысушыны таңдауда оның түрі, психологиялық сипаттамалары ескеріледі.

Мақсаты:

- қалыптасқан жағдайда жылдам әрі тиімді шешім қабылдау икемділігіне даярлау;

- шытырманда спорттық тапсырмалар болған соң, денені жаттықтыру;

- логикалық ойларды дамыту; жұмбақтар, ребустар, жұмбақсөздер;

- лего-конструктор арқылы баланың конструктивті ойлау қабілетін дамыту басты назарда.

Осылайша балалардың спортқа деген құлшынысын дамытуға болады.

 

Жоба жетекшісі: Ж. Укибасова  

Продюсері:  В. Тынысбекова 

Өндіруші компания: «Gold cinema group» ЖШС

Бас режиссері: Қ.Әбдібаева

Бас редакторы: Ә. Балғабаева 

Жүргізушілері: Талғар Мырзабек, Марғұлан Нәменов, Нұрдәулет Есболғанов

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: 28 тамыздан бастап дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағ. 19:10 

Қайталауы: сейсенбі, бейсенбі, сенбі сағ. 11:25 

Ұзақтығы: 25 минут (82 серия)

Жиілігі: аптасына 3 күн 

Жанры: Танымдық-спорттық бағдарлама 

Байланыс телефондары: 8 (7172) 55-38-01 

E-mail: balapantv@kaztrk.kz

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!