Майя

Сипаттамасы

Майя - мейірімді, көңілді, әділ. Ол үнемі айналасындағыларға көмектескісі келеді.

Майя - барлық ара сияқты  омартада дүниеге келеді. Алайда, ол дүниеге келген сәтте ара ұясы екі бөлікке бөлінеді. Сондықтан, оны мұғалімі Кассандра тәрбиелейді.

Мұғалім үнемі оған ұядан алысқа кетпеуді ескертеді. Майя омартадан тысқары әлемді зерттегісі келеді. Бір күні ол Кассандраның ескертуіне қарамай,  Вилли атты араның көмегімен ұядан қашып кетеді.

Майя саяхаты кезінде жаңа достар табады. Олармен бірге түрлі кедергілерден шығудың жолын іздейді.

Көп уақыт өтпей, Виллиге Майяны ұяға алып келу туралы бұйрық беріледі. Алайда, ол Майяны  көгалға қарағанда омарта жақсы  әрі    қауіпсіз екеніне сендіре алмайды.

Осылайша, Майя мен Вилли омартадан алыс жерде өмір сүреді. Кейіннен олар  бал араларына көмектесіп тұрады. 

Майя омартаға орала ма? Мұны «Балапан» телеарнасынан көрсетілетін мультхикаядан біле аласыңдар.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!