Күмбір Live

Сипаттамасы

«Күмбір Live» телебағдарламасының мақсаты: Бағдарлама көрерменге қазақтың ұлттық құндылығы күй өнерінің қадір-қасиетін дәріптеу, мағыналы және қызықты етіп жеткізуді көздейді. Танымдық бағыттағы музыкалық бұл жоба қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары жайлы маңызды деректер айтып, күйдің шығу тарихын, орындалуын, мағынасын кішкентай көрерменнің руханиятын байытатын тележоба.

Бағдарлама 20 сериядан тұрады. Түрлі-түсті декорациялармен жасалған әдемі студияда екі жүргізуші және жас өнерпаздың танысуынан басталады. Осы алғашқы қадамнан кейін әртүрлі музыкалық инструменттің (домбыра, сыбызғы, саз сырнай, жетіген) жасалуы, қыр-сыры, маңыздылығы мен тарихы жайлы құнды деректер айтылады. Бағдарлама домбыра жайлы болса, домбыра жасалатын ұстаханада түсіреміз. Шеберханадан кейінгі сахна студияда жүргізуші мен жас қонақтардың ойын ойнауымен жалғасады. Ойын барысында аталған жер-су аты немесе тарихи тұлға есіміне байланысты күй орындалады. Одан кейінгі сериялар жүргізушілер мен кішкентай қонақтың қызықты диалогынан немесе тартысынан басталып, ойынмен жалғасады. Ойынның жеңісі орындалатын күйдің аты болып шығады. Бұл әдіс көрерменді ойынға қызықтыра отырып, қазақтың тарихынан да мәлімет береді.

Бағдарламада күй студияда емес, табиғат аясында, саябақта, қаланың ең көрікті жерлерінде орындалады.

«Aray Media Group» ЖШС


Әлеуметтік желілерімізге қосыл!